Итальяндық Бриндизи қаласынан жарылғыш зат табылды
Елді мекенде құрылыс жұмыстары барысында Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі салмағы 200 келі болатын жарылғыш зат табылды
Жарылғыш зат құрылыс техникасымен зақымданғандықтан оны залалсыздандыру қиынға соқты.
Бомба табылған жерден бір жарым шақырым радиус аумағынан халық көшірілді. 54 мың адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болған. Бриндизи қаласының жалпы халық саны 87 мың болса, соның жартысынан астамы.
Ауданда газбен қамту және көлік қозғалысы тоқтатылды. Қауіпті аймақты арнайы қызметтің мыңнан астам қызметкері мен 250 ерікті күзетіп тұр.