Ресейде банк қызметкері мен оның баласы сегіз миллион рубль ұрлады
83 жастағы зейнеткер Мәскеудің полиция бөліміне жүгінді, ол банктегі есепшоттан үлкен ақша жоғалып кеткенін айтты.
Мәскеу полициясы егде жастағы ер адамнан сегіз миллион рубль ұрламақ болған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
Қылмыскерлер банк қызметкері және оның баласы болған. Алайда ақшаны толықтай аудара аламаған.
Полицияға күдіктілерді ұстау кезінде 7,5 миллион рубль тәркіленді. ІІМ-нің тергеушілері "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.