Бразилияда адамдар жеңілдіктер үшін бір-бірін өлтіре жаздады
Сан-Паулу қаласындағы техника дүкенінде "Қара жұма" атты танымал акция өтті, онда ниет білдірушілер үлкен жеңілдікпен теледидар сатып алуға мүмкіндік алды
Адамдар өз жолында бәрін итеріп, дүкен ішінде қысым жасады, деп хабарлайды МИР 24 сайты.
Жеңілдіктер әуесқойлары санаулы секундта ондаған сурет қабылдағыштарын сындырды. Оқиға құрбандарсыз өтті. "Қара жұмадағы" қымбат техника әсіресе тұрғындар арасында танымал.
Сондай-ақ басқа да тұрмыстық құралдар да сұраныста болды. Тауар үшін күрес полицияның араласуы талап етілетін елеулі оқиғаларға әкеледі.