Англияда иттің қанын мысыққа құйған
Британдық Гейтхеда ветеринарлары көшеден тауып алған төрт апталық өлім аузында жатқан мысықтың өміріне араша түсті
Жануарды New Reginning Cat Rehoming қайырымдылық ұйымының негізін қалаушы Морин Франклин алып келген, деп жазады МИР24 сайты.
- Ол әлсіреп, басын көтере алмай қалған. Қансырап жатқан, - деді зооқорғаушылар.
Ветеринарлардың уақыты тапшы болғандықтан донор ретінде иттің қанын алған.
Мысықтың жағдайы оңалып, жақсарып келеді.