Танымал әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың ақпараты ғаламторда тарады
Америкадан киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Винни Троя ұсынған деректер бойынша, 1,2 миллиард пайдаланушы ақпараты бар деректер қоры желіде тараған
Бұл Facebook, Twitter, LinkedIn және Github сервисі әлеуметтік желілері, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты
Сарапшының айтуынша, мәліметтерді, оның ішінде 50 миллион телефон нөмірлері мен жұмысқа орналастыру тарихының жазбалары қожетімді болды.
Алайда, деректер базасында аккаунттардың немесе банк карталарының нөмірлерінің паролі болған жоқ. Бұл дерекқор кімдікі екені белгісіз, файл Google Cloud сервисінде орналасқан.
Тройя ФТБ-ға жүгініп, мәліметтер базасы туралы айтып берді. Бірнеше сағаттан кейін ол бұғатталған.