АҚШ ғалымдары Марстан жәндік тапты
Энтомолог Уильям Ромозер мәлімдегендей, Curiosity марс кемесі жасаған суреттерде жердегі жәндіктерге ұқсас ағзалар байқалады
Огайо университетінің энтомологының айтуынша, Марста бунақ аяқтыларға ұқсас қабыршақ, мұртша, қанат және денелерінің симметриялылығы сынды ерекшеліктері бар ағзалар кездеседі, деп жазады Lenta.ru сайты.
Суреттерді жіті қадағалаған Уильям Ромозер мен өзге де ғалымдар марстық топырақтың үстіңгі борпылдақ қабатынан өзгешелігі бар құрылымдарын анықтаған. Олар жәндіктердің ізі сияқты.