Израиль ғалымдары таңғажайып олжа туралы айтты
Ғалымдар 420 жыл бойы ескі адамдар тұрағы болған Кесем үңгірін тапты
Үңгірді толық зерттеп шыққан ғалымдар ол кезде де адамдар азық-түлікті ұзақ мерзімге сақтай білген деген түйін түйген, деп жазады МИР24 сайты.
Үңгірден аңдардың сүйектері табылған. Әсерес, ирандық кербұғы, қабан, зубр мен жылқы (немесе есек).
Археологтардың пайымынша, ежелгі адамдардың тамақ рационында ет қана емес, майлы бас сүйек миы да болған. Бірақ адамдар оны бірден жеп қоймаған, сүйектерді тоғыз аптаға дейін шыдайтын жерге сақтап та қойған.
Осылайша ғалымдар ежелгі адамдар олжаның кей дене бөліктерін белгілі бір температурада кептіріп, кейінге қалдыруға болатынын білген деп пайымдап отыр.