Гарри ханзаданың отбасы Канадаға көшпек
Гарри ханзада мен Меган Маркл қоғамның қырағы назарынан аулақ болу үшін тұрғылықты жерлерін ауыстырмақ
Ерлі-зайыптылар қарапайым өзге отбасылар сияқты өмір сүргілері келетінін мәлімдеді, деп жазады МИР24 сайты.
Отбасы Канадаға көшуді тектен-тек таңдамаған. Меган Маркл «Форм-Мажоры» сериалына түсіп жатқан уақытта осы қаладан мүлік сатып алған екен. Одан өзге Гарри ханзаданың жарының жақын құрбысы Джессика Малруни Канадада қалған.
Бірақ жұп жақын күндері қоныс аудара алмайды. Өйткені Гарри ханзада бірнеше қайырымдылық жобаларын басқарып отыр. Тағы да корольдік тегіне байланысты бірнеше міндеттерін де атқаруы керек.