Америкада 100 жыл бұрын батып кеткен кеме табылды
Hudson кемесі 1901 жылы апатқа ұшырап, батып кеткен. Оны іздеушілер Жоғарғы өзеніндегі Миннесот штатынан тапқан
MRP News басылымы мәлімдегендей, кеме жазда 250 метр тереңдіктен табылған. Бірақ оның қандай кеме екені енді белгілі болып отыр, деп жазды Новости РАА сайты.
Кеме гидролакатордың көмегімен табылды. Тіпті, суретке де түсіріп алған.
Hudson кемесі Дулту портынан 1901 жылдың 15 қыркүйегінде шығып, дауылға тап болып із-түссіз кеткен. Тек бес күннен кейін ғана балықшылар кеме сынықтары мен бірнеше теңізшінің денесін тапқан. Көп жылдар бойы жергілікті тұрғындар арасында кеме елес болып өзен үстінде жүзіп жүр деген қаңқу сөз жүрген.