Ғалымдар жаңа қуат көзін ойлап тапты
Стэнфорд университетінің қызметкерлері түнгі аспаннан қуат алатын құрылғыны сынап көрді
Бұл құрылғылар күн батареяларын толықтыра алады, деп жазды МИР24.
Күннен қуат алатын күн панелдері бар. Бірақ олар түні бойы жұмыс істемейді. Сол үшін қолданушылар күндіз алған қуатты сақтап қалу үшін бұл панелдерді батареямен жабдықтауы керек.
Стэнфорд университетінің қызметкерлері түнде де қуат ала беретін құрылғы ойлап тапты. Ол төменгі температурадан қуаттанады. Термоэлектрлі генератор сынақтан өтті – шағын құрылғы қуаты жарықдиодты шамды қуаттауға жетті. Оның қуаты – шаршы метрге 25 милливатт.