Аустралияда комада жатқан әйел босанды
Аустралиядағы Квинсленд штатының тұрғыны комада жатып, дені сау баланы дүниеге әкелді
25 жастағы Кейтлин Стаббс бас миы қан тамырлары аневризмасы салдарынан жүктіліктің 8-ші айында комаға түскен, деп жазады Новости РАА сайты.
Жүкті болғаны үшін сәулелі терапиядан бас тартқан. Бұл дерт жүктілікке дейін анықталған.
Дәрігерлер баланы кесар тілігі арқылы босандырған. Баланың дені сау, алғашқы апталарда интенсивті терапия бөлімде жатты.
Ал артынша анасы да өз-өзіне келіп, оянды. Енді оған ұзақ уақыт бойы оңалу керек. Қазір есі кіресілі-шығасылы хәлде, кейде тіпті баласы барын да ұмытып кететін көрінеді.