Круиз лайнерлеріне Венецияның тарихи орталықтарына кіруге тыйым салынды
Венеция тұрғындары көп жыл бойы үйлердің іргетасын бұзып, каналдарды толтыратын круизді лайнерлерге тыйым салу үшін қарсы шыққан, енді қалада кемелерге тыйым салынды
Шешуші шаралар маусым айында MSC Opera лайнерімен болған оқиғадан кейін қабылданды. Алып кеме екі палубалы туристік кемемен соқтығысқан және айлаққа соғылып, нәтижесінде бес адам зардап шекті.
- Енді круиздік лайнерлер біртіндеп Венецияға баруды қамтитын бағыттардан шығатын болады. 2020 жылға қарай кемелердің үштен бірі қаладан алыс порттарда арқандап байланатын болады. Болашақта лайнерлер үшін жаңа порт салынады, оның орналасу орнын тұрғындар таңдап алады, - деп атап өтті Express газеті.
Венецияға жыл сайын шамамен 20 млн турист келеді, олардың ондаған мыңы бұрын круиздік кемелермен келген.
Бұл ретте қаланың күн сайынғы 60 мың келушілерінің жартысынан кемі онда түнеп тоқтайды, одан жергілікті туристік индустрия зардап шегеді.