Өскемен
Қалың бұлтты
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Семей
    -7°
  • Алматы
  • Риддер
    -11°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
    -1°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +3°
  • Түркістан
    +5°
  • Орал
  • Шымкент
    +3°
$
493.85
+0.49
571.78
-1.06
¥
71.53
-0.06
6.25
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ресей сенбі күні Халықаралық әскери ойындарды бастайды

"АрМИ-2019" бесінші әскери халықаралық ойындарының ашылу салтанаты 3 тамызда Мәскеу маңындағы "Алабино" полигонында өтеді

Ресей әскери ведомствосының мәліметтері бойынша, "АрМИ-2019"-ға 37 елден 221 команда қатысады. Ойын бағдарламасында 3-17 тамыз аралығында 10 мемлекеттің аумағында өтетін далалық, әуе және теңіздегі жаттықтыру бойынша оннан астам конкурстар бар. Биыл қатысушы әскери қызметшілердің жалпы саны 5 мыңнан асады.

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бұған дейін НАТО-ның төрт елі "АрМИ-2019"-ға өз бақылаушыларын жібергенін хабарлады.

- Грекияның командасы жарыстарға толық қатысады, ал НАТО-ның төрт елі - Франция, АҚШ, Словакия және Түркия - өз бақылаушыларын жіберді, - деді Шойгу өткен бейсенбі күні Қорғаныс министрлігінде өткен селекторлық кеңесте.

Ол жылдан жылға конкурстарды өткізу географиясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті: биылғы жылы ойындар өтетін мемлекеттерге Моңғолия, Өзбекстан және Үндістан қосылды.

Сондай-ақ, жарысқа үш мыңнан астам жас сарбаз қатысады.

- Өз командаларын Ресей ТЖМ, ІІМ, Сыртқы барлау қызметі және Федералдық қауіпсіздік қызметі жіберді. Ресей гвардиясы мен ДОСААФ-ға қатысушылардың саны екі есе өсті, - деп хабарлады Қорғаныс министрі.

Следующая →