Сауд Арабиясындағы әйелдердің құқықтары көбейе түскен
Енді бұл елдегі бойжеткендер 21-ге тола сала шетелге шығу паспортын өз еріктерімен ала алады
Бұған дейін бұл құжатты алу үшін асыраушысының, яғни, күйеуі, әкесі немесе ағасының рұқсаты керек болатын, деп жазады Новости РАА сайты.
Одан өзге, енді әйелдер кәмелетке толмаған балаларға қамқоршы бола алады және жаңа туылған сәбиді ер адамдар сияқты мемлекеттік органдарда тіркете береді.
Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд 2015 жылы билікке келіп, 2017 жылы өзінің 31 жастағы ұлы Мухаммед бен Салманды тақ мұрагері деп жариялағаннан бері қоғамда осындай өзгерістер орын ала бастады.
Ал мұрагер Vision 2030 – корольдікті түбегейлі өзгерту бойынша стратегиялық жоспар қабылдады.
Айта кетейік, 2018 жылы бұл елдегі әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат етілген.