Қытай аквапаркінде жасанды толқынның салдарынан ондаған адам зардап шекті
Қазіргі уақытта, ауруханада қабырғасы сынған екі адам, аяқтары сынған тағы біреу және қатты қатты жарақат алған тағы екі адам жатыр
Барлығы 44 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, деп хабарлайды LiFE сайты. Оқиға 29 шілдеде Мәскеу бойынша таңғы 10 шамасында Лунцзин қаласында орын алған.
Қатты жасанды толқынның салдарынан құтқару кеудешелерінде жүзіп жүрген аквапарктың келушілері жарақаттан сақтану үшін уақтылы шаралар қабылдай алмады.
Нәтижесінде су қысымынан адамдар бір-бірін қағып, бассейннің қабырғаларына соғылған.
39 зардап шеккен адам ауруханадан шығарылды.