Үндістандағы екі күндік найзағай 50-ден астам адамның өмірін қиды
Жазатайым оқиғалардың көпшілігі республиканың шығысында Бихар штатында орын алды, онда қаза болғандар саны 39-ға жетті
Қалған 12 адам Джарханд штатында, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарланған. Мұның себебі – табиғаттың жойқын күші. Маусым айының аяғында қатты нөсер жауып, муссон жаңбырлары Үндістанға келді.
Республика билігі қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуге уәде берді.
Сонымен бірге, нөсер жаңбыр елде су тасқынын тудырды. 8,5 миллионнан астам адам қауіпке ұшырады. Мыңдаған ауылдар қирады. Су тасқынынан қаза тапқандар саны жүздеген адамды құрайды.