Ұлыбританияда шағала итті алып кетті
Ағылшынның Пейнтон қаласында чайка чихуахуа тұқымды итті оның иесінің бақшасынан ұшып алып кетті
Ит иесінің жігіті оқиға куәгері болды, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Ол Гизмо (Gizmo) лақап атты итті шағала тұмсығына іліп алып кеткен.
- Менің жігітім сол кезде бақта кір жайып жүрген болатын, ол кенеттен шағаланың төмен түсіп жатқанын көрген. Ол Гизмоны өте алысқа алып кетті, өйткені біз оны көре алмадық. Мен оны бір жерге тастады ма және қазір қайда екенін білмеймін, - деп мәлімдеді 24 жастағы иесі.
Гизмо – чихуахуа тұқымды ақ-қоңыр түтсті ит, ол әлі табылған жоқ. Алайда, ұрланған ит иесі әлеуметтік желілер мен баспасөздің көмегімен үй жануарын тауып алуға үміттенеді.