Сицилиядағы жанартау сейсмологтарды алаңдатады
Этна жанартауында "Жаңа кратердің" атқылауы Италияның геофизика және вулканология Ұлттық институтының мамандары тіркеді
"Жаңа кратер" Этна оңтүстік-шығыс беткейінің жоғарғы бөлігінде орналасқан, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Жанартау 14 шілдеде "оянды". Атқылауды тіркеген INGV жылу камераларының көмегімен, қызған лаваның фонтандарының пайда болуын, жарылыстарды, күл шығарындыларын, тіпті, аздаған лаваның ағынын байқауға болады. Бұл құбылыстар кіші және орта күштің жер бетінің тербелістерімен жүреді.
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі атқылау адамдар үшін де, материалдық нысандар үшін де қауіп төндірмейді.
Этна Еуропадағы ең жоғары жанартау болып табылады, 2013 жылдың маусымында ол ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне енгізілді.