Компьютер егде жастағы когнитивті қабілеттерге жақсы әсер етеді
Неврология Американдық академиясының ғалымдары екі мың адамға зерттеу жүргізе келе осындай шешімге келді
Сыналушылардың орташа жасы 78 жасты құрады, деп хабарлайды Новости РАА сайты. Зерттеудің басында бірде-бір сыналушыда когнитивті бұзылулар байқалмады. Эксперименттің әрбір қатысушысын бақылау бес жыл бойы жүргізілді, ал әр 15 ай сайын мидың қабілетін бағалауға арналған арнайы тест өтті. Осылайша, 5 жылда 532 эксперимент қатысушыларында мидың когнитивті бұзылыстары пайда болды.
Бұл сынақтарды салыстыра отырып, ғалымдар ми қызметін белсенді ынталандыру ми жұмысын айтарлықтай ұзартады және когнитивті процестердің нашарлауын баяулатады деген қорытынды жасады.
Осылайша, ересек жастағы компьютерді пайдалану когнитивті бұзылулардың даму қаупін шамамен 50%-ға, ал егде жастағыларда 30%-ға төмендетеді.
Ғалымдар пікірінше, ойындар, қандай да бір іс-шараларға қатысу, киноға бару және достарымен серуендеу бұзылулардың даму қаупін 20 пайызға төмендетеді.