Краниопагиялы сиам егіздері кәмелеттік жасын атап өтті
Дәрігерлері бастары біріккее егіз апалы-сіңілілерді 10 жылдан артық емес өмір сүрмейді деп болжаған
Қыздардың аты-жөндері Нив и Нелли Колестейн, олар бас сүектері бірігіп өмірге келді, деп хабарлайды МИР24.
Алайда олардың әрқайсысында өз миы бар. Дәрігерлердің айтуынша ұқсас аномалия сиам егіздердің бірнеше пайызында ғана кездеседі.
Қыздарды бөлу (ата-аналарының қалауы) медициналық себептерге байланысты мүмкін болмады - егіздердің өмірлік артериясы ортақ болған. Қыздар айтқандай, олар жиі адамдар тарапынан дөрекілікпен күресуге мәжбүр.
Мысалға, жолда кетіп бара жатқанлар оңай келіп, неге анасының оларды өмірге әкелмес бұрын түсік жасамағанын сұраған кездер болған. Ал олардың теледидарды көру үшін, айнаның алдына барып отыруы керек болады.
Бұған қарамастан, ата-аналар қыздарды тастап кетпеді және оларға сенімділік сезімін арттырды. Қазіргі кезде егіздер Instagram және YouTube-да арналарын белсенді қолданады. Әлеуметтік желіде олар өзге де адамдар сияқты тұлғалар екендігін дәлелдеуге тырысады.