20 млн доллар ұтып алған австралиялық тақырға отырды
23 жасында джек-пот ұтып алған австралиялық Шериф Гиргис қаржысын белгілі бір бизнеске салып, көбейтпек болған
Алайда қай бизнеске қаржы құйған тиімді болмақ, соны білу үшін арнайы агент те жалдаған. Бірақ агент ұсынған бизнестің бірде-бірі табыс әкелмей, ақыры тақырға отырғызып тынған.
Мәселен, табыс әкеледі деп сатып алған пабын жөндеуге 1 млн доллар кетіп, оны ашқанымен, шығындарын жабу үшін тағы да миллиондар кеткен. Түнгі клубқа да қаржы құяғанымен (бағасы 2,65 млн доллар), ол да шығына батып, жабылып қалған.
Ақыры Шериф Гиргис агенттің өзін сотқа беріп, шығынды өтеуін талап еткен. Сот агентке 2 млн доллар төлеуге қаулы қабылдады.