Испанияда ірі кибералаяқ ұсталды
Жалған сайт жасап, электроника сатумен айналысқан кибералаяқ ай сайын 300 мың еуро табыс тауып отырған
"Саудагерді" ұстауға 25 орден берілген, деп хабарлайды Новости РАА. Алаяқтың есімі Арсен Люмпен, "ұрлықшы-джентельмен" деген мағынаны береді.
Испания полицейлері хабарлағандай, алаяқты ұстауға үш жылдай уақыт кеткен. Әккі алаяқ "саудасы" өтуі үшін танымал брендттердің белгісін қолданып, сайт жасаған. Ал сайттың өзі бірнеше күн ғана істейді де, кейін жоқ болып кетеді. Есепшотқа аударылған қаржы Люмпеннің қалтасына түсіп отырған.
Одан бөлек, атын да жиі ауыстырып, тек қонақ үйде ғана түнеп, көп уақыт бойы ұстатпай жүрген.