Жақында бой көтерген "Дасин" - әлемдегі ең үлкен әуежай
Әуежай Бейжіңде салынған, құрылысына 60 млрд доллар жұмсалған
"Дасин" тек әлемдегі емес, Қытайдағы ең ірі әуежай деп танылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әуежай пайдалануға ҚХР құрылуының 70 жылдығы қарсаңында, яғни, 30 қыркүйекте беріледі деп жоспарланған.
Бұл жаңа әуежайды тағы бір халықаралық әуежай "Шоудудағы" жүктемені азайту мақсатында салған. Ол Дасиннен небары 67 шақырым жерде. Әуежай құрылысы 2016 жылы басталған. Жылына 600 мың рейс қабылауға қауқарлы.