Шарап итальяндықтың өмірін сақтап қалды
Оқиға осы жұмада болған, әйел шарап қорапшасын жертөлеге алып бармақ болып, жеделсатыда бәр тәулікке қамалған
Итальяндық әйел 27 сағат бойы лифтте отыруға мәжбүр болды, онда ауа температурасы 50 градусқа дейін ыстық болғаны анықталды, деп хабарлайды Korrespondent.net сайты.
Жәбірленушімен ешқандай байланыс болмады, ал авариялық түйме жұмыс істемеді. Аштан өлмеу үшін, әйел бөтелкені сындырып, алкогольдік сусынды аз-аздан ішкен.
Жергілікті басылымдар хабарлағандай, тазалаушы қызметкер ешқандай көмекті естімеген, себебі ол құлаққаппен жүрген екен.
Итальяндықты қызы құтқарды, қызы анасының үйге келмегеніне алаңдай бастайды. Содан оның көмекке шақырған дауысын естіп, дереу құтқарушыларды шақыртып, анасын шығарып алған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, итальяндық әйел медициналық көмекке мұқтаж болмаған.