Мәскеуде улы өрмекші зейнеткерді шағып алды
Оқиға Ресей астанасының батысында орын алған. Склифосовский атындағы ҒЗИ-дың дәрігерлері әйелді құтқарып, қайғылы оқиғаның алдын алды
Диванда отырған әйелді өрмекші шағып алған. Негізінде үйде жүрген ұлының аяғына, шамамен, көлемі бір жарым сантиметр болатын өрмекші секіріп, ол өрмекшіден үркіп, анасының аяғына лақтырып жіберген. Ал ыршып түскен өрмекші зейнеткерді шағып алды, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
Ер адамның айтуынша, анасының аяғы тез ісіне бастаған екен. Әйел ауруханаға жатқызылып, ісікті жою үшін оған дәрі тамызғыш қойылды. Өрмекшіні шанышқымен ұстап, банкіге салып алып келген. Токсикология бөлімінде сараптама жүргізіліп, ер адамның болжауы расталды - ол қарақұрт болып шықты.