Ағылшын ғалымдары заманауи технологияның балаға қалай әсер етенін анықтады
Barnardo ұйымының зерттеушілері балалардың ғаламтор мен заманауи технологияға ерте жастан үйретудің зияны қандай екенін біліп көрді
Зерттеуге сенсек, 5 жасқа дейін ғаламторға үйреніп қалған баланың кейін оған деген тәуелділігі, содан барып, әлеуметтік ортаға бейімделе алмау кемшіліктері басталуы мүмкін, деп хабарлайды МИР 24.
- Ондай балалар кейін шығармашылық тұрғындан ойлай алмайтын, өз эмоциясын ұстай алмайтын, басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алмайтын бала болып өсуі мүмкін, - дейді ғалымдар.
Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, балаларға ерте жастан телебағдарламаларды көрсету, ғаламтор ойындарын ойнату, Snapchat және Instagram сынды бағдарламаларды қолдануды үйретудің арты баланың қоғамда өз орнын таба алмай қиналуына, "адам" болуына қиын болуы мүмкін, психикаға қатты әсер етеді деседі.