АҚШ темекені сатып алатын жастарға шектеу қоймақ
АҚШ Конгресі жасы 21-ге толмаған азаматтарға темекі сатуға тыйым салу туралы заң жобасын ұсынды
Қазіргі уақытта АҚШ-та темекіні сатып алу жасы – 18. Ал АҚШ Сенаты бұл шектеуді 21 жасқа дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл елдегі темекі шегушілердің санын біраз болса да азайтпақ.
Заң жобасына сәйкес, 21 жасқа толмағандарға табак өнімдерін де, электонды темекілерді де сатуға тыйым салынбақ. Заңға мұндай талап енгізуге жастар арасында электронды темекенің қаптап кетуі себеп болып отыр.
- Вейпинг – денсаулыққа зиян. Бұл – ұлттық эпидемия, - деп атап өтті заң жобасын жасаушылардың бірі.
Ал заң жобасында ересектердің темекі шегуі мен өсіруіне қатысты ешқандай шектеу қойылмаған.