Атлант мұхитында жаңа құрлық пайда болады
Атлант мұхитының түбінде жаңа құрлықтың пайда болуына әкелуі мүмкін сейсмикалық аномалия табылды
Португалиядағы Лиссабон университетінің ғалымдары тереңдік үдерістерді ауқымды зерттеуді жүргізді, деп хабарлайды МИР24.
Мұндай зерттеулерді жүргізудің негізгі себебі тектоникалық сынықтардан алыс ауданда сейсмикалық белсенділік болды.
Аномалды сейсмикалық процестер тұрақты жыныстардың қабатының астында 250 километрге дейін тереңдікте өтеді.
Мамандар геологиялық процестер барысында литосфералық плита бірте-бірте ыдырайды: жоғарғы қатты пласт көлденең үзілу аймақтарын жасайды және төменгі, жұмсақ құрылымдар одан шыға бастайды деп болжады.
Егер теория дұрыс болса, онда Пиреней түбегінде жаңа субдукция аймағы пайда болады.
Алайда, ғалымдардың тұжырымдарын іс жүзінде тексеру мүмкін емес, өйткені тектоникалық процестер жүздеген миллион жыл алады.