Нельсон Манделаның суретін 112 мың долларға сатып алды
Нельсон Манделаның түрме есігі бейнеленген суреті Нью-Йорктегі Bonhams үйі өткізген аукционда сатылып кетті
ОАР-дың бұрынғы президентінің қызы саудаға қойған сурет 112 мың долларға бағаланды, деп жазды Новости РАА сайты.
- Әкем президенттіктен зейнетке шыққан уақытта немен айналысарын білмеді. Өнер алданыш бола білді деген ойдамын, - деді Манделаның қызы.
Мандела барлығы 22 сурет қалдырған.