Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы балаға қанша уақыт экран тамашалауға болатындығын айтты
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мамандары екіге толған балаға ғана теледидар мен гаджет көрсетуге болатындығын айтады
Сарапшылар гаджет ерте ұстаған баланың миы да әлсіз дамитындығын алға тартады. Бала қоршаған ортаны "табиғи" түрде тануы керек, яғни, жанды қарым-қатынас орнатып, виртуалды әлемге бой ұрмағаны дұрыс. Екі мен бес жас арасындағы балалардың экран алдында күніне бір сағаттан артық отырғаны жөн.
- Экран алдында көп отырған бала семіздікке, психоәлеуметтік ауруларға шалдығады, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау ұйымы.