Грузияда қызылша дерті асқынып тұр
Грузия Денсаулық сақтау министрлігі елде қызылша дертінің асқынып кеткенін мойындап отыр
Грузияда жыл басынан бері қызылша дертіне шалдыққан 3,1 мың адам тіркелген, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Ауруды бақылау бойынша ұлттық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзе.
- Қаңтар айынан бері 3172 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп. Бұл дегеніміз қызылшаның эпидемиялық таралыуы жалғасуда деген сөз, - деді орталық басшысы.
Оның айтуынша, науқастардың саны күнделікті 15-20 авдамға артып отыр.