Ресейде ерікті ғаламтор туралы заң қабылданды
Ресей мемлекеттік Думасы Рунеттің қауіпсіз және тұрақты жұмысы туралы заң қабылдады, 22 сәуір күні аталған заң Федерация кеңесінде қаралады
Заң Интернеттің жұмыс істеуіне шетелден қауіп төнген жағдайда Ресей аумағында оның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
- Заң "Сандық экономика" ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін жағдай жасайды және Ресей аумағында интернеттің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Түзетулер ресейлік интернет-ресурстардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді, бұл ресейлік азаматтардың мүдделерін қорғауға кепілдік береді, - деп атап өтті заң жобасы авторларының бірі.
Жаңа заңға сәйкес, Роскомнадзада кез келген жағдайда байланыс қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ортақ пайдаланылатын байланыс желісін мониторингілеу және басқару орталығы құрылатын болады.
Заң қараша айында күшіне енеді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап домендік атаулардың ұлттық жүйесі жұмыс істей бастайды.
Сондай-ақ, қолданыстағы ұқсас жүйелермен қатар қолданылатын жеке шифрлау жүйелері жұмыс істей бастайды және істен шыққан жағдайда оларды ауыстыра алады.
Ресейде интернеттің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін әрекеттерді үйлестіру міндеті Роскомнадзорға жүктелетін болады.