Жапонияда белгісіз біреу АҚШ базасына келіп газ баллонын лақтырып кетті
Жарылыс Окинав аралындағы "Кэмп Фостер" базасында болды
Белгісіз біреу қоршалған базаның темір торын қиып ішке кіріп кеткен екен. Әкімшілік ғимараттың екінші қабатына көтеріліп, Жапония қорғаныс министрлігінің өңірлік өкілеттігінің кеңсесіне келіп, есікке газ баллонын лақтырып жіберген.
Жарылыстан зардап шеккендер жоқ. Кінәлі адам ізделіп жатыр.
"Кэмп Фостер" базасында теңіз жаяу әскерінің штабы орналасқан.