Ресейде жалған жаңалық таратқандарды жазалайтын заң шықты
Ресейдің Мемлекеттік Думасы расталмаған ақпаратты тарату бойынша заң жобасын қабылдады
Бұл заң Дума қарауына былтырғы жылдың соңында келіп түскен, деп хабарлайды Новости РАА.
Енді Ресейде қоғамдық маңызы бар ақпаратты дәлелсіз жариялап, шынайы дүние ретінде беруге тыйым салынып отыр.
Ресей бақылау комитеті жалған ақпарат жариялаған ресурсты бұғаттап тастай алатындай құзірет берілді. Егер ақпарат иесі бұл жаңалықты алып тастайтын болса, онда бұғат шешіледі.
Тақырыптар:
Закон о запрете распространять недостоверную информацию Фейковые новости Государственная дума России