Huawei компаниясы АҚШ үкіметімен соттасқалы жатыр
АҚШ үкіметі Huawei компаниясын Қытай елі барлау қызметіне пайдаланатынын айтқан болатын
Алайда смартфон жасаушы компания АҚШ-тың бұл мәлімдемесімен келіспейді. Соған орай, Техас сотына шағым түсірді, деп хабарлайды Новости РАА.
Ал арыз түсіруге себеп болған нәрсе – АҚШ Конгресінің айтқан мәлімдемесіне орай еш айғақ келтірмеуі әрі Huawei компаниясының өнімдерін сатуға шектеу қоюы еді.
Huawei компаниясының шпионажға қатысы бар екенін Автрия мемлекеті де айтқан болатын. Олардың ойынша, Huawei компаниясы жасаған смартфондары арқылы құпия деректерді жинап, Қытай үкіметін береді.