Маршалл аралдарында елді су басудан қорғау жоспарын дайындауда
Тынық мұхтындағы Маршалл аралдарын су басу қаупі төніп тұр. Бұл жергілікті биліктің үрейін тудырды
Архипелаг құрамына түрлі көлемді 1156 арал кіреді. Көбі теңіз деңгейінен кем дегенде 2 метр биіктікте орналасқан.
Соңғы уақытта бұл аралдарда тасқын жиілеп, маржандардың түссізденуі байқалған.
Сарапшылар болашақта жағдай бұдан да қиындап кетуі мүмкін екендігін, 50 мың халқы бар арал су астында қалуы мүмкін деп қауіптенеді.
Арал инфрақұрылымдары мұхит толқындары әсерінен қирауы мүмкін.
Осы төніп тұрған қатерге орай, Маршалл аралдары билігі аралды құтқару жоспарын қарастыруда. Олар аралды құм мен қабырғаның есебінен жасанды түрле көтеруді ойластыруда.
Нәтижесінде 130 мыңға дейін адам сиятын арал пайда болады. Ал биіктігі теңіз деңгейінен 3 метр болмақ.
Құрылыс 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда.