Астрахань облысында тышқанның арқасында қазына табылды
Тышқан Мари мемлекеттік университетінің археологтарына XIV ғасырдағы монеталар қазынасын табуға көмектесті
XII - XV ғғ. Алтын Орданың астанасы Сарай қаласы орналасқан Селитренний кентінің аумағында қазына табылды.
Қазына аймағында тышқан ін қазбақшы болған, бірақ оның жұмысына монеталар кедергі келтірген. Тышқан монеталарды жоғарыға қарай тастап отырған. Оны археологтар тауып алған.
Соның салдарынан 150-ден астам монеталар қазынасы табылды.