Вашингтонда мемқызметкерлерге арналып қайырымдылық асханасы ашылды
World Central Kitchen гуманитарлық ұйымы еңбекақысыз қалған мемлекеттік қызметкерге арнап асхана ашты
Еңбекақысыз демалысқа жіберілген не еңбекақысыз жұмыс істеп жүрген кез келген мемлеттік қызметкер аталған ұйымның асханасынан тегін тамақ іше алады. Мемлекеттік қызметкердің жанұясы да осы асханалардан тегін тамақтана алады.
Қазір асханаға Вашингтонның ғана емес, көрші штаттардың ғана мемлекеттік қызметкерлері келіп жүр. Ал жұмыссыз қалған мемлекеттік қызметкерлер аталған асханаларда ерікті болып жұмыс істеп жүр.
World Central Kitchen асханалары 2010 жылы ашылған болатын. Алғашында табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындарды тамақтандыру үшін ашылған еді.