Канадада ауыр техникамен банк тонаған ұрылар ізделіп жатыр
Бір аптаның ішінде Сент-Джонс қаласында төрт бірдей банк тоналды
Сент-Джонс қаласы Канаданың шығысындағы Ньюфаундленд пен Лабрадор провинцияларының астанасы. Бұл қалада бір аптада төрт бірдей банк тонау ісі болды. Оның екеуі жексенбі күні түнде болған. Жүк көтергіш көлікпен банк банкоматын тонамақ болған екі ұры ұсталып, қазір тергеу амалдары жасалуда.
Олардың басқа тонаушылық істерімен байланысы бар не жоқтығы анықталып жатыр. Банктің басқа бөлімшелерін тонау үшін ұрылар трактор, экскаватор мен жүк көтергіш сынды ауыр техникаларды пайдаланған.
Қазір банкирлер келген шығынды есептеп жатыр.