Америкалық қыз құшақтасу арқылы 50 мың доллардай қаражат тапқан
АҚШ Филадельфия штатының тұрғыны адамдарды құшақтап, бір жылда 56 мың доллар табыс етті
24 жастағы Сесилия Баэз бір сағат құшақтасуға тұтынушылардан шамамен 80 доллар алады, деп хабарлайды МИР24. Құшақтағысы келетіндерді ол ғаламтордан табады. Компанияда ол қыздан басқа, "кәсіби құшақтасуды" ұсынатын 400-дей қызметкер бар.
Қыздың айтуынша, ол өзінің арманындағы жұмысын тапты.
Құшақтасу денсаулыққа пайдалы, тіпті, құшақтасудың нормасы тәулігіне сегіз рет деп белгілеген психологтар бұл норманы шартты санайды. Дегенмен, псхологтар адамның жыныстық қатынасқа, жасына, темпераментіне және сипатына қарамастан басқа адаммен құшақтасуға мұқтаж екендігіне келіседі.