Жапония кит аулау шаруашылығын жандандырмақ
Жапония билігі Кит шаруашылығы жөніндегі халықаралық комиссия құрамынан шығатындығын хабарлады
Жапония үкіметі ел аумағына қарасты теңіз-мұхиттардан кит аулау жағдайын ойластырып жатыр.
Кит шаруашылығы жөніндегі халықаралық комиссиясы кит аулауға тыйым салады. Ал Жапония аталған комиссия құрамынан шықпақ ниетте. Ол үшін жапон үкіметі 2019 жылдың 11 қаңтарына дейін ресми түрде хабарлауы қажет.
Жапонияның бұл шешімі біршама мемлекеттік қарсылығын тудыруы мүмкін. Өйткені Күн шығыс еліне жақын жатқан Автралия мен Жаңа Зеландия кит аулауға қарсы елдер.
Жапонияда кит аулауға 1982 жылы тыйым салынған. Дегенмен "ғылыми зерттеу жұмыстары" үшін деген желеумен Жапонияда әлі күнге дейін кит аулануда.