Ресейде өмір деңгейі жоғары қалалар анықталды
РФ үкіметі жанындағы Қаржы университеті Ресей қалаларындағы өмір деңгейін зерттеді
Рейтингті бірінші орында Тюмень қаласы тұр, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Зерттеу кезінде медициналық қызмет көрсету сапасы, жол жағдайы, мәдениет пен білімнің даму деңгейі, ТҮКШ жұмысы мен тұрғын үй құрылыс жұмыстары ескерілді. Сонымен қатар, қалалық билік жұмысы, көші-қон ахуалы, қаланың еңбек етіп, өмір сүруге қолайлылығы назардан тыс қалмады.
Тюмень ешқандай көрсеткіш бойынша көш бастамас да, үздік ондықтан көрінген. Соған орай, қорытынды көрсеткіші бірінші орынға лайық деп танылды.
Екінші орында - Грозный қаласы. Шешенстан астанасы жол сапасы, ТҮКШ жұмысы, құрылыс нысандары саны мен халыққа қолайлылығы жағынан көш бастап тұр.
Бестікте Москва, Казань мен Сочи қалалары бар.
Ондықтың ішіне Екатеринбург, Санкт-Петербург, Череповец, Тула мен Сургут қалалары енді.