Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Әлемде көмірқышқыл газы рекордтық деңгейге жетті

Табиғатты қорғау шаралары жан-жақты жасалып жатса да көмірқышқыл газының ауаға тарауы азаймай тұр, былтырдан бері көмірқышқыл газы 1,6%-ға көбейіп, рекордттық деңгейге жетті

Ауаға таралған көмірқышқыл газы биыл да көп болуы мүмкін. Ал газдың көбеюіне, Халықаралық энергетика агенттігінің бағалауына қарағанда, энергия өндіретін материалдарға деген әлемде сұраныстың артуы себеп болып отыр, әсіресе, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Азия елдерінде сұраныс артып тұр. Ал 2040 жылға дейін энергияға деген сұраныс екі есе өсуі мүмкін.

Дегенмен кейбір мамандар жағдай әлі де түзелуі мүмкін деп отыр. Өйткені алдағы уақытта табиғи газға деген сұраныс көбейіп, мұнай өнімдеріне қызығушылық төмендейді. Алдағы жиырма жылдың ішінде табиғи газға деген сұраныс 45 пайызға дейін көбейіп, 2040 жылы энергия өндірісінің 60 пайызын табиғи газ құрайды деген жорамал бар.

Ал көмірге деген сұраныс азаяды. Жиырма жылдың ішінде көмірді ең көп тұтынатын Қытайда 15 пайызға дейін, Еуропада 65%-ға, АҚШ-та 30%-ға дейін азаяды.

Следующая →