АҚШ-та құрлықаралық зымыран сынақтан өтті
Нысанаға дәл тиген Minuteman III баллистикалық зымыранының сынағы сәтті өтті
Зымыран Калифорниядағы Вандерберг базасынан ұшырылып, Тынық мұхитындағы нысанаға тигізілді.
Сынақ зымыранның нысанаға дәл тию жүйесін тексеру үшін өткізілген. АҚШ-тың ӘҚК хабарлағандай, зымыранның сынақтан өткізілуіне әлемде болып жатқан халықаралық жағдайға қатысы жоқ.