Индонезияда жартасқа қашалған көне суреттер табылды
Индонезиядағы Калимантан аралында археологтар шамамен 40 мың жыл бұрынғы суреттерді тапты
Индонезияның Калимантан аралдарындағы тау үңгірлерінен ең көне фигуративті суреттер табылды, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Зерттеу барысында олардың жасы 40-тан 52 мыңға дейін созылғанын және бұл әлемдегі ең ежелгі суреттер екендігі анықталды. Суретте сиырларға ұқсас жануарлар, сондай-ақ алақанның бейнелері бейнеленген. Бұдан басқа, үңгірде кейінірек 20 мың жыл бұрын қашалған суреттер сақталып, ол жерде адам сұлбасы бейнеленген.