Ғалымдар тыртықтарды кетіретін зат ойлап тапты
Қытай ғалымдар тобы жараны тыртық қалдырмай жаза алатын жібек протеині негізіндегі гель ойлап тапты
Жібек талшықтарының құрамындағы серицин заты жаңа емдік затты дайындауда қолданылды, деп хабарлайды Новости РИА сайты.
Гель ағза жасушаларымен ешқандай иммундық әсер тудырмай-ақ әрекеттесіп, қабынуды басады. Осылайша жарақаттанған орында тыртық қалдырмайды.
Одан өзге гель антисептиктік қасиетке ие, соның арқасында жара тез жазылады.