Грек дін қызметкерлері енді мемлекеттен жалақы алмайды
Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас және Иероним грек православиелік шіркеуінің басшысы мемлекеттің діни қызметкерлерге жалақы төлеу және қызметкерлерді қолдау туралы міндеттемеден бас тарту туралы келісімге келді
Келісім шіркеулердің он мыңдай қызметшісіне әсер етеді.
Грекиядағы діни қызметкерлер мемлекеттік қызметшілер сияқты жалақыларын мемлекеттік бюджет есебіненалған және ол үшін жылына 200 миллион еуро бөлінген болатын.
Енді мемлекет шіркеуді діни қызметкерлерге жалақы төлеу үшін арнайы шіркеу қоры арқылы субсидиялайды.Қаражатты шіркеудің өзі таратады.
Бұдан басқа, келісім мемлекет пен шіркеу арасындағы көп жылдық мүліктік дауды шешуге көмектеседі. Ол елдегі ірі меншік иелерінің бірі болып табылады. Келісімнің арқасында мемлекет шіркеудің мүлкін пайдалану құқығын алады.