Лукашенконың ұшағы 2 миллон долларға сатылады
"Белавиа" әуекомпаниясы бұрын Белоруссия президенті Александр Лукашенко бірінші борт ретінде пайдаланған Ту-154M ұшағын сатылымға қойған
Минск қалалық жылжымайтын мүлік орталығының ақпаратына сәйкес, 5 желтоқсан күні TУ-154M әуе кемесін (1995 жылы өндірілген, борт нөмірі EW-85815) сату бойынша сауда-саттық өткізіледі.
Бұрынғы N1 бортының бастапқы құны 4 млн 292,9 мың теңгені (Ұлттық Банктің бағамы бойынша 2 млн доллардан астам) құрап отыр. Қазіргі уақытта "Белавиа" әуекомпаниясы Boeing 767-300ER (борт нөмірі EW-001PB), Boeing 737 Business Jet (борт нөмірі EW-001PA) борттарын үкіметтік ретінде пайдаланады. Ал Ту-154М бортын бұрын Беларусь Республикасының президенті, содан кейін елдің премьер-министрі және үкімет мүшелері пайдаланды.
Президенттің ұшағы дәстүрлі көк түстің орнына Белоруссияның ұлттық туының қызыл және жасыл түстеріне боялған. Борт есігінде "Беларусь" жазуы кириллица және латын әріптерінде жазылған. Ал ұшақтың соңында республиканың ұлттық елтаңбасы бейнеленген.