Үндістанда 10 жылда тұңғыш рет қар жауды
Жауған қар салдарынан үндістандық бірнеше қала жарық пен байланыссыз қалып, әртүрлі көлік түрлерінің қозғалысы шектелді
Үндістанның Гималайларындағы Кашмир алқабында екі күн бойы қар жауып тұр. Осы жерлерде қар соңғы рет 10 жыл бұрын жауған.
Тоқтаусыз жауған қар салдарынан ағаш бұтақтары сынуда. Ал сынған бұтақтар электр желілерін үзіп, оның салдарынан бірнеше қала жарық пен байланыссыз қалуда.