Яндекс, Mail.ru және Rambler қарақшылықпен күреспек
Құқық иелері мен ресейлік ірі ғаламтор компаниялары "қарақшылыққа қарсы меморандумға" қол қойды
Меморандум мазмұнына сәйкес, құқық иелері үш апта ішінде "Ғаламтор" желісіндегі сайт беттері сілтемелерінің тізілімін құрастырады. Онда құқық иелері немесе өзге құқықтық негіз рұқсатынсыз аудиовизуалды жұмыстар мен ақпараттар орналастырылады (пайдаланылады).
Сонымен қатар, аталған құжатта көрсетілгендей, оған қол қойған барлық ғаламтор сервистерінің әкімшілері әрбір 5 минут сайын қарақшы сайттардың тізілімін көру үшін құжат көмегіне жүгінеді. Және 6 сағат ішінде аталған сілтемелер РФ-ның іздеу нәтижелерінен алынып тасталады.
Цифрлық технологияларды дамыту кезеңінде айрықша құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға құқық иелерінің тарапынан өз қолдарын қойғандар: "Газпром-медиа холдинг" директоры Дмитрий Чернышенко, Ұлттық медиа-топтың стратегиясы мен инвестициялары жөніндегі директордың орынбасары Алексей Янчишин, "Бірінші арнаның" бас директоры Константин Эрнст, Бүкілресейлік мемлекеттік телерадио хабарларын тарату жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары Антон Златополски, "СТС Медиа" компаниясының бас директоры Вячеслав Муругов, "Кино және теледидар өндірушілер қауымдастығы" басқармасының төрағасы Сергей Сельянов, "Интернет-видео" қауымдастығының бас директоры Алексей Бирдин, Руформ директоры Армен Гулинян және Кинопоиск директоры Артем Савиновский.
Ғаламтор ресурстары мен іздеу жүйесі операторларының иелері тарапынан келісімге қол қойғандар: "Яндекстың" қаржы директоры Джи Грегори Абовски, Mail.ru директорының орынбасары Владимир Габриелян, "Рамблер интернет холдингінің" бас директоры Дмитрий Сергеев.
Меморандумның мәтініне сәйкес, оған басқа да құқық иелері қатыса алады.